Антонио Кассано ұлына "Лионель" деп ат қойды

Ла Лига Корреспондент
Антонио Кассано ұлына "Лионель" деп ат қойды

Италиялық "Интер" футбол командасының шабуылшысы Антонио Кассано дүниеге келген ұлының есімін каталондық "Барселона" командасының шабуылшысы әрі әлемнің төрт дүркін үздік ойыншысы Мессидің құрметіне Лионель деп қойыпты. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

БӨЛІСУ

"Лионель" атын алған ұл бала кешегі күні (18 наурыз) Миландағы "La Madonnina" ауруханасында дүниеге келген. Отбасындағы екінші ұл бала екен. Бұған дейін Кристофер есімді сүйікті ұлдары 2011 жылы дүниеге келіпті.

Алғашында жары Каролина Марчалис күйеуінің ойымен келіспеген көрінеді. Кейіндеу келе келісуге тура келіпті.

Естеріңізге сала отырсақ, Месси де бірнеше ай бұрын әке атанған болатын. Яғни, өткен жылдың қараша айында отбасында Тиаго есімді ұл бала дүниеге келіп еді.

сурет:sport.news.am 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек