Ривалдо «Барселонада» бапкер болуы мүмкін

Ривалдо «Барселонада» бапкер болуы мүмкін

Даңқты бразилиялық футболшы Ривалдо жуық арада спортшы ғұмырын аяқтап, бапкерлік қызметке ауысы ықтимал.

«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы бразилиялық басылымдардың біріне берген сұхбатында каталондық команданың қатарында бапкер болғысы келетінін айтқан екен.

«Мен «Барселона» сапында бапкер болуым мүмкін. Бұл командада мені барлығы да жақси таниды. Команданың да президентін білемін. Сандро Росселмен біз жақын доспыз. Ол әркез маған көмектесуге дайын екенін де айтады. Сондай-ақ менде испан азаматтығы да бар. Сондықтан да мен жуық арада осы клуб сапында бапкер болуым да ғажап емес»,- дейді 40 жасар футболшы Ривалдо.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: barcaman.ru

А. Құлтай