Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Йоахим Лев: "Қазақстан үшін Германияға қарсы матч жылдың басты ойыны болады"

Йоахим Лев: "Қазақстан үшін Германияға қарсы матч жылдың басты ойыны болады"

Йоахим Лев:

22 наурыз күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Қазақстан құрамасы 2014 жылы Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне іріктеу сындарындағы кезекті кездесуін өткізеді. Бұл жолғы біздің қарсыластар ФИФА рейтингінің екінші сатысында орналасқан Германия құрамасы болмақ. Астанадағы кездесу алдында Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев тілшілермен кездесіп, біршама сұрақтарға жауап берді.

 — Ұлттық құрама сапындағы жігіттер бүгін толығымен жиналады. Дайындықты да бүгін бастап кетеміз. Біздің басты мақсат – Қазақстан құрамасына қарсы өткізетін екі кездесуде 6 ұпайға қол жеткізу,- деп бастады әңгімесін бапкер.

Сіздер Астанада жасанды алаңда ойнайтын боласыздар. Бұл жағынан қандай қиындықтар болуы мүмкін?

— Әрине, біздің жігіттер жасанды алаңда көп ойнамайды. Астанаға аттанар алдында біз жасанды алаңда жаттығатын шығармыз. Дегенмен біз осы уақытқа дейін Астана және Мәскеудегі синтетикалық алаңда ойнап көрдік. Сондықтан да бұл фактор матчтың тағдырына кереғар әсер етпейді деп ойлаймын.

 — Қазақстан құрамасының соңғы ойындарын көрдіңіз бе? Жалпы соңғы екі жылда Қазақстанның футболында өсу байқала ма?

— Өкінішке орай, мен Қазақстанның соңғы ойындарын әлі де көрген жоқпын. Дегенмен бұл команданың қорғанысы мықты. Бізге қарсы өткізетін ойында бұл жағдайды дәлелдейтін де шығар. Жалпы екі жылда Мирослав Беранектің шәкірттерінің деңгейі біршама өсті. Қазақстан үшін Германияға қарсы матч, жылдың басты ойыны болады. Сондықтан да Беранектің шәкірттері оңай алынатын қамал деп есептемеймін.

— Сіз баптайтын Германия құрамасы сапында қандай қиындықтар бар?

— Бірінші кезекте бұл Қазақстан мен Германияның ара қашықтығы. Жігіттер бірнеше сағаттық жол жүреді. Ал құрамаға келетін болсақ, біздің команданың көшбасшы ойыншылары Өзіл, Бадштубер, Хуммельс және Клозе жарақаттарына байланысты кездесуге қатыса алмайды.

  Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбат УЕФА-ның ресми сайтынан алынды.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.championat.com

204 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 наурыз 2013, 17:25
Пікірлер
+0
16 наурыз 2013, 17:06

6баллдың бәрін біз арқылы алады. Сондықтан маңызды матч деп отыр. Біздіңкілерге сәттілік!

+0
16 наурыз 2013, 23:33

Kazakhstan algaaaaa!!!! Bari oiin korsetedi.. ;)

+0
05 сәуір 2013, 02:04

Германия женди акыры :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...