Усейн Болт пен Джессика Эннис жылдың үздік спортшылары атанды

Усейн Болт пен Джессика Эннис жылдың үздік спортшылары атанды

Жеңілатлеттер Усэйн Болт пен Джессика Эннис Laureus World Sports Awards пікірінше жылдың үздік спортшылары атанды. 

Жеңімпаздарды анықтау мен оларды марапаттау рәсімі Рио-де-Жанейрода өтті. 46 әділқазы әлемнің спорт журналистері іріктеген тізімнен үздікті таңдады. Қорытындысында ямайкалық спринтер, Лондон Олимпиадасының үш дүркін жеңімпазы, әлемдегі ең жылдам адам Усейн Болт дауыс беру нәтижесінде велошабандоз Брэдли Уиггинс, футболшы Лионель Месси, жүзгіш Майкл Фелпс және Ф-1 пилоты Себастьян Феттельді басып озды. Болт үшін бұл жүлде өз мансабындағы үшіншісі болып саналады. 

Әйелдер арасынан аталған жүлдеге ұлыбританиялық жеңіл атлет Джессика Эннис ие болды. Ол Эллисон Феликс, Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (екеуі де - жеңіл атлетика), Мисси Франклин (жүзу), Серена Уильямс (теннис) және Линдси Вонн (таушаңғысы спорты) сияқты саңлақтар арасынан оза шықты. 

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасынан үздік болып бразилиялық жүзгіш Даниэль Диас танылды. Ол паралимпиадалық ойындарда алты бірдей алтын медальға ие болған еді. Өткен жылы осы сыйлық ОАР-нан Оскар Писториуске бұйырған еді.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vedomosti.ru 

Б. Қосмағамбет