Букмекерлер: "Барыс" пен "Трактор" арасындағы мачта астаналық клуб аутсайдер

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Букмекерлер: "Барыс" пен "Трактор" арасындағы мачта астаналық клуб аутсайдер

Бүгін челябинсктік "Трактор" мен астаналық "Барыс" арасындағы Гагарин Кубогы аясында өтетін плей-оффтың соңғы матчында қазақстандық клуб айтсаудер ретінде өнер көрсетеді. Бұл тәуелсіз букмекерлік кеңселердің жеке пікірі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

БӨЛІСУ

Оған дәлел - олардың матчқа түзген коэффициенттері. Сонымен, бүгін, 5-наурыз күні Астана уақытымен сағат 19:00-де, Челябинскте өтетін матчтағы клубтарға берілген коэффициенттер келесідей: "Трактордың" жеңісі - 1,67 болса, "Барыстың" жеңісі - 4,8. 

Естеріңізге салсақ, сериядағы қазіргі есеп - 3:3. Оның ішінде "Барыстың" екі жеңісі де сырт айдында болды. Ол кезде де, букмекерлер "аутсайдер" деп "Барысты" таныған еді. Егер де бүгін "Барыс" букмекерлер жорамалын жоққа шығара алса, онда ол өз тарихында тұңғыш рет Гагарин Кубогы плей-офф сындарының екінші раундына шығады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: championat.com