Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Бауыржан Жолшиев: «Футболдан Қазақстан біріншілігінің үздік сүрмергені болсам деймін»

Бауыржан Жолшиев: «Футболдан Қазақстан біріншілігінің үздік сүрмергені болсам деймін»

Бауыржан Жолшиев: «Футболдан Қазақстан біріншілігінің үздік сүрмергені болсам деймін»

Қостанайлық «Тобыл» және Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Жолшиев өткен жылы еліміздің ең үздік жас ойыншысы атанды. Сондай-ақ шабуылшы 8 нәтижелі соққымен командасының үздік сүрмергені де атанды. Ал Ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуінің өзінде Бауыржан дубль авторы атанған болатын. Футболдан ел біріншілігі басталар алдында Массагет тілшісі Бауыржан Жолшиевқа хабарласып, жаңа маусымға дайындықтары қалай өткенін сұрап, білді. 

- Бауыржан, жаңа маусымға дайындықтарыңыз қалай? Жалпы үш ай мерзімде өткізген оқу-жаттығу жиындарына көңіліңіз толды ма?

— Оқу-жаттығулардың барлығы ойдағыдай өтті. Бапкерлер құрған жоспарды толығымен орындадық. Енді жаңа маусымда сәтті өнер көрсету керек.

— Жаңадан келген бас бапкер Сергей Масленковпен жұмыс істеу қиынға соққан жоқ па?

— Жоқ. Жалпы жиын барысында ол команданың бірлігіне баса ден қойды. Сонымен қатар бірнеше жаңа тактика да құрды.

— Маусымаралық үзіліс кезінде сізге алматылық «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» командалары көз қырын салып жүр деген әңгіме жүрді. Расымен де бұл командалар сізге ресми ұсыныс жасады ма?

— Ия. Маған бірнеше командалар қызығушылық білдірген болатын. Бірақ, тек «Қайрат» жетекшілері ғана ресми ұсыныс жасады. Ал «Динамо» сапынан менімен ешкім сөйлескен жоқ.

— «Тобыл» командасында сіз былтырғы маусымда жартылай қорғаушы қызметін атқардыңыз. Ал ұлттық құрама сапында сізді Мирослав Беранек шабуылшы міндетіне шығарады. Өзіңізге алаңның қай бөлігінде ойнаған ұнайды?

— Маған негізі жартылай қорғаныстың оң қапталында өнер көрсеткен көбірек ұнайды.

— Сіз өткен жылы еліміздің үздік жас ойыншысы атандыңыз. Бұл атаққа қалай жеттіңіз?

— Біріншіден, мен бұл атақты алу үшін көп жаттығу жасадым. Екіншіден, маған өткен маусымда сәттілік жолдас болды. Ал үшіншіден, командадағы жігіттер көмектесті. Сондықтан мен жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын.

— Сізбен бірге Қазақстан жастар құрамасында ойнаған Бауыржан Исламхан жуырда ресейлік «Кубань» командасының сапына ауысты. Қалай ойлайсыз, Исламхан ол командада сәтті ойнай ала ма?

— Менің ойымша, барлығы Бауыржанның өз қолында. Егер ол «Кубань» сапында да көп жұмыс істейтін болса, онда жоғары деңгейлі футболшы болатыны анық.

 — Алдағы маусымда жеке өзіңіздің алдыңызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

— Футболдан Қазақстан біріншілігінің үздік сүрмергені болсам деймін.

— Ал сіз өнер көрсететін «Тобыл» командасы қандай нәтижелерге қол жеткізе алады?

— Біздің команда жақсы жасақталды. Жаңадан бірнеше ойыншылар келді. Сол себепті, «Тобыл» алдағы маусымда үздік үштіктің қатарында болуы тиіс.

— Бауыржан, алда 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі келе жатыр. Нәзік жандыларға қандай тілек тілейсіз?

— Барлық нәзік жандыларды алда келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілегім келеді.

 Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Сурет: Жеке мұрағаттан

1263 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 06 наурыз 2013, 16:12
Пікірлер
+0
08 наурыз 2013, 02:47

ммммм маладес :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...