Америкалық қыз Исинбаеваның рекордын бұзды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Америкалық қыз Исинбаеваның рекордын бұзды

2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, америкалық жеңіл атлет қыз Дженнифер Сур сырықпен секіруден әлем рекордына түзету енгізді, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар. 

БӨЛІСУ

31 жасар америкалық ұлттық біріншілікте 5 метр, 2 сантиметр биіктікке секіріп, 2012 жылдың ақпан айында ресейлік Елена Исинбаева қойған әлем рекордын 1 сантиметрге жаңартты.  

"Мен осы мүмкіндігімді орындау алдында үлкен психологиялық қысымды бастан өткердім. Алайда, өзімді осыған іштей дайындап, мүмкіндігімді техникалық жағынан сауатты орындасам, бәрі де ойдағыдай болатынына сенімді болдымі",-дейді Роу. 

Дженнифер Сур осымен жетінші рет АҚШ-тың үздік атлеті атанып отыр. 2008 жылы ол Пекинде Исинбаеваға жол беріп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: isport.ua