Қазақстан - шаңғы спортынан әлемнің 12-нөмірлі құрамасы

Қазақстан - шаңғы спортынан әлемнің 12-нөмірлі құрамасы

Шаңғы спорты түрлерінен Италияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 12-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Vesti.kz  

Тарқата айтып кетсек, еліміздің шаңғышылары бұл жарыста екі бірдей қола медальға ие болды. Алғашқы жүлдені Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жұбы командалық спринтте еншілесе, екінші қоланы Алексей Полторанин жарыстың соңғы күні өткен 50 шақырымдық сайыста иеленді. 

Әлем біріншілігінде Норвегия құрамасы жалпы командалық есепте топ жарса, екінші орын Францияға бұйырды. Үштікті Ресей құрамасы қорытындылап тұр. 

Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі:
1. Норвегия - 20 (8 - алтын, 6 - күміс, 6 - қола);
2. Франция - 4 (3, 0,1);
3. Ресей - 5 (2, 0, 3);
4. АҚШ - 3 (2, 0, 1);
5. Швеция - 7 (1, 6, 0);
... 12. Қазақстан - 2 (0, 0, 2).

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sports.kz

Б. Қосмағамбет