"Барыс" пен "Трактор" арасындағы кезекті айқас

"Барыс" пен "Трактор" арасындағы кезекті айқас

Бүгін Гагарин кубогы аясында қазақстандық "Барыс" хоккей клубы мен ресейлік "Трактор" арасындағы алтыншы матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Букмекерлердің пікірінше, осы ойында "Барыс" пен "Трактор" клубтарының жеңіске деген мүмкіндіктері бірдей. Мысалы, астаналық ұжымның жеңісі 2,86 коэффициент болса, "Трактордың" жеңісін букмекерлер 2,35 коэффициентке бағалапты.

Бес матчтан соң, челябинскілік команда серияда 3:2 есебімен алда келе жатыр. Челябинскіде болған алғашқы екі матчта "Барыс" жеңіске жетіп, сериядағы есепті 2:0 жеткізген еді. Бірақ Астанада өткен екі матчта қонақтар кеткен еселерін толық қайтарды. Сөйтіп, сериядағы есеп теңескен еді. Алайда, өз айдынында болған бесінші матч ресейлік клубтың пайдасына шешілді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz  

Б. Қосмағамбет