"Арсеналда" Бергкампқа ескерткіш қойылмақ

"Арсеналда" Бергкампқа ескерткіш қойылмақ

«Арсенал» командасының аңыз ойыншысы Деннис Бергкамптың құрметіне "Арсенал" стадионында үлкен ескерткіш орнатылмақ.

Аталған ескерткіштің кейпі (поза) голландиялық шабуылшының 2003 жылғы "Ньюкаслмен" арадағы ойында түсіріліп алынған фотографиясы бойынша жасалынбақ.

Бергкамптың ескерткіші Тьерри Анри, Тони Адамс пен Герберт Чепменудің (2011 жылдың желтоқсан айында қойылған) мүсіндерімен бір қатарда тұрмақ.

Деннис Бергкамп "Арсенал" сапында 423 ойын өткізіп, қарсыластың қақпасына 120 гол соққан. "Канонирлердің" қатарында 11 жыл өнер көрсетіп, Англияның ішкі біріншілігін үш рет, Англия Кубігін төрт рет жеңіп алған.

""Арсенал" стадионының төріне менің ескерткішім орналасатын болғанда бір асқақтап қалдым. Мен үшін бұл үлкен қуаныш әрі зор құрмет. Өздеріңіз білетіндей, мен "Арсеналды" өте қатты жақсы көремін. Мен онда ең керемет кездерді басымнан өткергем", - дейді  Бергкамп.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига