Михаил Кукушкин қатарынан бесінші матчта жеңіліс тапты

Михаил Кукушкин қатарынан бесінші матчта жеңіліс тапты

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Михаил Кукушкин Дубайда өтіп жатқан ATP Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің алғашқы айналымында-ақ жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Бірінші айналым кездесуінде 25 жасар қазақстандық теннисші неміс Тобиас Камкемен кордқа шыққан еді. Бірінші сетті 6:4 есебімен жерлесіміз өз пайдасына жарата алды. Екінші сетте сылбыр өнер көрсеткен Кукушкин қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Ал үшінші партияда Камке психологиялық басымдылық арқасында матчты өз пайдасына шешіп кетті. Сеттегі есеп: 4:6.  

Қазақстандық теннисші ATP рейтингісінде 158-орында болса, 26 жасар Тобиас Камке әлемнің 90-нөмірлі теннисшісі. Айта кетейік, Кукушкин үшін бұл жеңіліс осы маусымдағы қатарынан бесіншісі саналады.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: megapolis.kz

Б. Қосмағамбет