Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Нұрмахан Тінәлиев: “Жақын арада үлкен спорттан кететін ойым жоқ”

Нұрмахан Тінәлиев: “Жақын арада үлкен спорттан кететін ойым жоқ”

Нұрмахан Тінәлиев: “Жақын арада үлкен спорттан кететін ойым жоқ”

Мен жуырда АҚШ-та өткен Дейв Шульц атындағы жарыстан оралдым. Ол жарыста күмісті олжаладым. Финалда Лондон Олимпиадасында жеңілген Юхан Эуренмен белдестім. Бұл жолы мен өзімді жеңілдім деп санамаймын. Олимпиададағы белдесуден біраз сабақ алдым. Жанкүйерлер барлығын көрді ғой. Бірақ, төрешілер маған жеңісті бермеді. Дегенмен ол үшін күйініп отырғаным жоқ. Алда әлі талай жаттығулар жасау керекпін. Бәлкім, сол кезде швед қарсыласымды айқын жеңермін, - деп бастады әңгімесін Нұрмахан Тінәлиев.

- АҚШ-та өткен жарысқа қандай көңіл-күймен бардыңыз? Жалпы ол турнирге дайындығыңыз қалай болды? 

- Жыл енді басталып келе жатыр. Сондықтан да мен АҚШ жеріне физикалық күшім енді-енді қалыпқа келе бастағанда жол тартып кеттім. Біз Олимпиададан кейін біраз демалдық. Бірақ мен дұрыстап демалдым деп айта алмаймын. Өйткені, жарақатым болды. Соны емдетіп жүрдім. Жыл басындағы оқу-жаттығу жиындарында тек физикалық күшімді қалыпқа  келтіру үшін ғана дайындалдым. Бапкерлер мені спортзалға кіргізбеді. Бозкілемге тек Америка жеріндегі жаттығуларда ғана шықтым. Кілемге шығып, қарсыласпен алысуды әбден сағынып қалыппын.

- Сіз грек-рим күресінің аса ауыр салмақ дәрежесінде белдесесіз. Ауыр салмақта өзіңізге осы уақытқа дейін ыңғайыз қарсылас атанған балуандар бар ма? 

- Білесіз бе, мен қарсыластарымды ыңғайлы немесе ыңғайсыз деп бөлмеймін. Жеребе кіммен жолықтырады, сонымен белдесемін. Әр елдің балуандарымен белдескенде өзіңнің әлсіз тұстарың мен өзіңнің «көзіріңді» анықтап аласың. Сол арқылы келесі белдесулерге де дайындық жүргізетін боласың.

- Спортшылар ылғи да үйінен жырақта, оқу-жаттығу жиындарында болады. Тіпті, кейбіреулері үйін 4-5 айлап көрмейді. Сіздің бос уақытыңыз бола ма? 

- Менің өзге спортшылардан айырмашылығым жоқ десе де болады. Сондықтан да менің де бос уақытым бола бермейді. Өзің айтып өткендей, оқу-жаттығу жиындарымен шет елге көп шығып кетеміз. Ол бітсе, жарыс басталады. Міне, осылай спортшының күні өте береді. Жарыстан кейін бір, екі күн ғана демалуға рұқсат аламыз. Ол уақыт үйге барып-қайтуға да жетпей қалады. Анамды кейде ұзақ уақыт көрмейтін кездер болады. Бірақ, амал қанша, спорттың аты спорт! Жақсылап дайындалмасаң, нәтиже көрсете алмайсың.

- Нұрмахан, ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келе жатқаныңызға біршама уақыт болды. Артыңыздан ізбасар інілеріңіз де өсіп келеді. Спорттан кету туралы ой сізде болмай ма? 

- Енді ғана өзімнің бабыма келіп жатырмын. Сондықтан да жақын арада үлкен спорттан кететін ойым жоқ. Ия, талантты балуандар өсіп келе жатқанынан да хабарым бар. Бірақ, елімізде аса ауыр салмақта бірінші нөмір менде ғой. Егер менің артымнан өсіп келе жатқан жігіттер мені бозкілемде тізе бүктірсе, орнымды беремін. Бірақ, қайталап айтамын, жақын арада үлкен спорттан кетпеймін!

- Әңгімеңізге рақмет!

Cұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Сурет: alaman.kz

1069 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 26 ақпан 2013, 16:49
Пікірлер
+0
26 ақпан 2013, 14:55

Нұрмаханның анасының сұхбатын оқығам...Нұрмахан әлі-ақ көк туымызды желбіретеді!

+0
26 ақпан 2013, 14:56

Лондонда адамды жерге қаратып еді. Дәу де болса осал болып шыққан болатын. Спорттан кете берген дұрыс секілді. Сіз қалай ойлайсыз?

+0
26 ақпан 2013, 15:44

Лонданда мен ренжіп қалғам)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев