Жоао Барбоза «Қайраттан» кетті

Жоао Барбоза «Қайраттан» кетті

Футболдан алматылық «Қайрат» шағын футбол командасының бразилиялық бас бапкері Жоао Барбоза орнынан кетті.

Бұл маман ресейлік «Сибиряк» командасының бас бапкерлік қызметін атқарған Темур Алекберовтың орнына ресейлік команданы жаттықтыратын болады. Ал «Қайрат» шағын футбол командасының алдағы ел біріншілігіндегі кездесулерінде бас бапкерлік қызметін Парагвай командасының бұрынғы бапкері  Маркао атқаратын болады.

Дегенмен, Жоао Барбозе ресейлік командаға кеткенімен, шағын футболдан Қазақстан құрамасын жаттықтыра беретін болады. Бүгінде бразилиялық маманның басқаруымен Қазақстан шағын футбол командасы 2014 жылы 27 және 30 наурыз аралығында Латвия жерінде өтетін Еуропа біріншілігіне дайындалу үстінде.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН