"Астана Арланс" клубы жеңіске жетті

"Астана Арланс" клубы жеңіске жетті

Арландардың қатарында алғаш рет кездесу өткізген украиндық легионер Роман Капитоненко қазақстандық командаға "Los Angeles Knockouts" клубымен болған ойында бесінші ұпайды сыйлай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Капитоненкоға қарсы рингке қазақстандық команданың экс-боксшысы венгр Иштван Бернадт шыққан еді. Екі боксшы арасындағы кездесу тең дәрежеде өтті. Алайда қапталдағы төрешілер есепті 2:1 деп санап, жеңісті жергілікті клуб боксшысына ұстатты. 

Украиналық боксшыға дейін рингке "Астана Арланс" атынан Хабибулла Исмаил-Ахунов, Самат Бәшенов, Константин Снигур және Эхсан Рузбаханилер көтеріліп, барлығы да жеңіске жетті.

Сонымен кездесудегі қорытынды есеп 4:1 болып, қазақстандық клубтың пайдасына шешілді. Осы кездесу аяқталысымен, "Астана Арланс" клубы WSB кестесіндегі В тобында 21 ұпаймен көшбасшылықты сақтап қалды. 


Дайындаған: Болат Қосмағмабет

сурет: sportinfo.kz

Б. Қосмағамбет