Цзоу Шимин кәсіпқой боксқа ауысатын болды

Қайсар Қауымбек Корреспондент
Цзоу Шимин кәсіпқой боксқа ауысатын болды

49 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, жерлесіміз Біржан Жақыппен талай мәрте қолғап түйістірген қытайлық Цзоу Шимин кәсіпқой боксқа ауысатын болды. 23 қаңтар күні ол Пекинде әйгілі америкалық «Top Rank» компаниясымен келісім-шартқа отырды.

БӨЛІСУ

Боб Арум

Бұл компанияның құрушысы Боб Арум кәсіпқой бокс саласында «ең таңдаулы жетекші» атағын бес рет жеңіп алған. Әлемге атағы жайылған біраз боксшыларды тәрбиелеген болатын. Боб Арум «Цзоу Шимин шебер боксшы. Қытай халқының ең сүйікті спортшысы. Цзоу Шиминнің алдағы уақытта табысты нәтижеге жетуі үшін компания барлық шарт-жағдайын жасауға тырысады» дейді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: xinhua.net