Андреа Пирло Италияның үздік футболшысы атанды

Андреа Пирло Италияның үздік футболшысы атанды

Туриндік «Ювентус» командасының жартылай қорғаушысы Андреа Пирло 2012 жылғы Италияның үздік футболшысы атанды.

Италияның А сериясының ресми сайтында ұйымдастырған бұл сауалнамада «Ювентус» ойыншысы 13398 дауыс жинап, бірінші орын алған. Екінші орында «Миланның» шабуылшысы Стефан Эль-Шаарави орналасқан. Ол 13292 дауыс жинаған. Үшінші орынды 5669 дауыс жинаған «Наполи» шабуылшысы Эдисон Кавани алған.

Ал үздік қақпашы атағы тағы бір «Ювентус» ойыншысы Джанлуиджи Буффонға бұйырды. Үздік бапкер атағы да «Ювентустің» бас бапкері Антонио Контеге берілді. 2012 жылғы Италияның А сериясының үздік командасы болып «Ювентус» таңдалды. Үздік төреші болып Мирандола қаласының қазысы Никола Риццоли атанды.

«Жыл жаңалығы» атағы «Милан» шабуылшы Стефан Эль-Шаарави мен «Удинезе» шабуылшысы Луис Муриэльге берілді. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz


Ю. НИКУЛЛИН