Новак Джокович Australian Open турнирінің төрт дүркін чемпионы атанды

Новак Джокович Australian Open турнирінің төрт дүркін чемпионы атанды

Серб теннисшісі Новак Джокович "Үлкен дулыға" санатына кіретін маусымдағы алғашқы үлкен турнир Аустралия ашық біріншілігінің (Australian Open) жеңімпазы атанды.  

Финалда ол британдық Энди Маррейді тізе бүктірді. Матчтағы есеп: 6:7, 7:6, 6:3, 6:2. Кездесу уақыты 3 сағат 40 минутқа созылды. Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Australian Open турнирінің төрт дүркін чемпионы атанды. Айта кетейік, осыған дейін турнир тарихында осындай нәтижеге жеткен теннисші болған емес.

Жалпы 25 жасар серб теннисшісінде Australian Open турнирінің төрт және басқа "Үлкен дулыға" жарыстарының екі чемпиондық атағы бар.  

Бұдан бөлек, әйелдер арасындағы сында турнир жеңімпазы болып беларусь қызы Виктория Азаренко танылды. Ол финалдық матчта қытайлық Ли Наны ұтқан еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rsport.ru

Б. Қосмағамбет