Фергюсон айтқан сөзі үшін FA алдында есеп берді

Фергюсон айтқан сөзі үшін FA алдында есеп берді

«Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері сэр Алекс Фергюсон «Тоттенхэмге» қарсы ойнаған кездесуде төрешілерге айтқан сөздеріне байланысты Ағылшын футбол ассоциациясына  (FA) хат жолдады.

Естеріңізге сала кетсек, сэр Алекс 1:1 есебімен аяқталған жексенбілік кездесудегі төрелікке көңілі толмаған болатын. Әсіресе бұрыннан «Манчестерге» қарсы есебі бар қапталдағы төреші Саймон Бектің төрелігі Фергюсонның көңілінен мүлдем шықпаған. 2010 жылы дәл осы төреші «Челси» ойыншысы Дидье Дрогбаның «Манчестер» қақпасына офсайдтан соққан голын есепке алған болатын.

Бұдан кейін FA Фергюсонның төрешілікке байланысты пікірін толық түсіндіруді талап етті. Соңғы мерзім болып саналатын бейсенбі күні «Юнайтед» бапкері өз көзқарасын жазбаша түрде баяндап берді.

Енді сейсенбі күніне дейін FA Фергюсоннның пікіріне талдау жасап, шотландық бапкерге айып тағылу-тағылмауын шешуі қажет. Егер де бапкер кінәлі деп саналса, оған айыппұл салынуы мүмкін, тіпті бапкерлік құқығынан айырылуы да ықтимал.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: olympiacos24.gr

Ж. FM