Головкин келесі кездесуін 30 наурызда өткізбек

Головкин келесі кездесуін 30 наурызда өткізбек

WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (GGG) келесі кездесуін 30 наурызда Еуропада өткізбек. Бұл туралы оның промоутері Том Леффер мәлімдеді. 

Оның болашақ қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Леффер сондай-ақ, Головкин 2013 жылдың маусым айында да бір кездесу өткізетінін айтып кетті. Биылғы жылы қазақстандық боксшы жалпы саны бес кездесу өткізуді жоспарлап отыр екен. Оның бірі жақында отандасымыздың пайдасына шешілген еді. 

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин 19 қаңтарда Нью-Йоркте өткен кездесуде американдық Габриэль Росадоны техникалық нокаутпен ұтқан болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru

Б. Қосмағамбет