Ярослава Шведова Australian Open-2013 турнирінің ширек финалына шықты

Ярослава Шведова Australian Open-2013 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші айналымында ол өзбекстандық Денис Истоминмен жұп құрап, қытай-мексикандық дуэт Ян Цзы - Сантьяго Гонсалесті 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Шведова мен Истоминнің келесі қарсыласы испандық жұп Нурия Льягостера Вивес - Давид Марреро және Лизел Хубер (АҚШ) - Макс Мирный (Беларусь) арасындағы матч қорытындысы бойынша белгілі болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Шведова Australian Open-2013 жарысында Қазақстан атынан жарысты жалғастырып жатқан жалғыз теннисші.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kursiv.kz

Б. Қосмағамбет