Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

2013 жылдың алғашқы кездесуін 30 жасар Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 26 жасар америкалық Габриэль Росадоға қарсы өткізген болатын. Қазақстандық кездесуді жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. 

Бірінші раунд барысында Головкин Росадоға соққылардың сериясын жаудырып, қарсыласын едәуір есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші раундтар да Головкиннің басымдылығымен өтті. Осылайша Росадо алтыншы раундқа дейін қорғанумен болды. Головкин оны осы раундта нокдаунға жіберіп, Росадо орнынан әзер тұрды. Ал жетінші раунд кездесуді толықтай Головкиннің пайдасына шешіп берді. Росадоның командасы кездесуді уақытынан бұрын тоқтатып, осылайша Головкин кезекті рет чемпиондық атағын қорғап қалды.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: grantland.com

Б. Қосмағамбет