Галина Воскобоева Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Галина Воскобоева Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева "Үлкен дулыға" турниріне кіретін Australian Open жұптық жарысының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Жарыстың бірінші кезеңінде ресейлік Александра Пановамен жұп құраған жерлесіміз Мона Бартель және Ализе Корнеден басым түсті. Бірінші сет тай-брейкпен аяқталып, оны Воскобоева мен Панова жұбы жеңіспен аяқтады (7:3).

Екінші партияда Бартель мен Корне едәуір қарсылық көрсетіп, нәтижесінде есепті теңестіріп кетті: 4:6. Шешуші үшінші кезеңде қазақстандық пен ресейлік қыздың жолы болып, сетті 7:5 есебімен өз еншілеріне жазды. Сөйтіп, Галина мен Александра жұбы 7:6, 4:6, 7:5 есебімен матчта жеңіске жетті.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: dailynews.kz