Футзалдан Қазақстан құрамасын бразилиялық маман жаттықтыратын болды

Футзалдан Қазақстан құрамасын бразилиялық маман жаттықтыратын болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты. Осы уақытқа дейін бұл міндетті атқарып келе жатқан Әміржан Мұқановтың орнына енді бразилиялық маман Жоао Барбоза келді. 

«Қайрат» шағын футбол командасының бас бапкері Жоао Барбоза Қазақстан құрамасымен осы жылдың аяғына дейін команданы жаттықтыруға келісіпті. Маманның алдына футзалдан ел құрамасының деңгейін жаңа биіктерге көтеру және Әлем біріншілігіне іріктеуді сәтті бастау тұр.

Айта кетейік, енді бұл маман «Қайрат» шағын футзал клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін бірдей ұстайтын болады. Ол алдағы сәуір айында Алматы командасын УЕФА Кубогінде «Төртеудің финалына» алып баратын болса, мамыр айында Қазақстан ұлттық құрамасымен алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізетін болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:vesti.kz 

Ю. НИКУЛЛИН