Сәпиев пен Мырсатаев Азия үздіктері

Сәпиев пен Мырсатаев Азия үздіктері

Азияның бокс Конфедерациясы жылдағы дәстүр бойынша Сары құрлықтың үздік боксшыларын таңдады. Бұл тізімде біздің былғары қолғап шеберлеріміз де бар.

Лондон төрінде өткен ХХХ Олимпиада ойындарының чемпионы мен үздік техникасы үшін берілетін Вэл Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев Азия құрлығында “Жылдың үздік боксшысы” атанды. Ал, “Astana Arlans” клубының аса ауыр салмақтағы боксшысы Руслан Мырсатаев ”WSB тұжырымы бойынша үздік” боп танылды.

Сонымен қатар, Азия бокс қауымдастығының шешімі бойынша, әйелдер арасындағы үздік боксшы қытайлық – Канкан Рейға, Үздік жас боксшы өзбекстандық Ақмалбек Косимовқа, Үздік төреші өзбекстандық – Баходүр Жұманиязовқа, Үздік бапкер атағы жапониялық – Хирокуни Мотоға бұйырды.

Айта кетейік, мықтыларды ASBC атқарушы комитетінің мүшелері дауыс беру арқылы таңдаған. Ал марапаттау рәсімі 2013 жылдың наурыз айында Азия біріншілігі барысында өтетін болады.  

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАй

Сурет:vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН