Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы қызға қатысты іс сотқа жетті

Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы қызға қатысты іс сотқа жетті

Ақтөбенің Алматы ауданының прокуратурасы анасын өлтіргені үшін 16 жастағы қызға қатысты істі сотқа жіберді. Бұл туралы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Басылым мәліметінше, анасын өлтіргені үшін 16 жастағы қыз бен оның қасындағы 19 жастағы жігітке айыптау актісі жасалды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлаған.

ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

Г. Досымшалова