Эндокринолог таңғы асқа пайдалы бес тағамды атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Эндокринолог таңғы асқа пайдалы бес тағамды атады

Медицина ғылымдарының кандидаты, эндокринолог Зухра Павлова өте пайдалы бес тағамды ұсынды, - деп хабарлайды "Известия" басылымы.

БӨЛІСУ

Дәрігер тізімге бірінші қайнатылып пісірілген жұмыртқаны қосты. Оны қияр, қызанақ, қырыққабат және кез келген басқа көкөністерден тұратын салатпен, біріктіруді ұсынды. Мұндай таңғы асқа тостерде кептіруге болатын нанды да қосуға болады.

Сондай-ақ, тізімге Павлова омлетті немесе көкөністермен сүзбені қосты. Сарапшы сондай-ақ асқабақ пен мейіз қосылған тары ботқасын таңғы асқа ең пайдалысы деп есептейді.

"Таңғы аста ақуыз болуы керек. Сондықтан мен протеинді коктейльді бөлек ішемін немесе жұмыртқа, сүзбе жеймін", - деп қосты эндокринолог.

Дәрігер сонымен қатар шай мен кофенің орнына лимон қосылған жылы су ішуді ұсынды.