Оңтүстік Корея ғалымдары өртті алғашқы секундтарда сөндіретін технология ойлап тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Оңтүстік Корея ғалымдары өртті алғашқы секундтарда сөндіретін технология ойлап тапты

Оңтүстік Корея ғалымдары өртті алғашқы секундтарда сөндіретін технология ойлап тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

БӨЛІСУ

Телеарна мәліметінше, жүйе өрт ошағын тез арада анықтап, суды тікелей қызыл жалынға бағыттайды.

Ал қолданыстағы өрт сөндіру құрылғыларының кемшілігі, олар материалды бүкіл бөлмеге шашады. Жалған дабыл болған жағдайда мұндай жабдық қажетсіз жұмыс істейді. Ал жаңа жүйеде оқиғаның өртке қатысы бар жоғын жасанды интеллект анықтайды. Көбік пен суды 65 метрге дейін шашады.

"Өртті анықтау жүйесі жасанды интеллект пайдаланады және бұл оның артықшылығы. Барлық құрылғылардың ерекшелігі, олар жарылысқа төзімді және дірілге төтеп береді. Келесі жылы наурыз айында тестілеуді жалғастырамыз және өнімді жақсартамыз. 2030 жылға қарай сөндіргішіміз литий батареяларындағы өртті сөндіру үшін пайдаланылады", - деді Корея машина жасау және материалдар институты.