Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25-ші мерейтойлық Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Қазақстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Мемлекет басшысы бүгін түске дейін Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.

Түстен кейін Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.