"Күйеуге шығып кетіңдер": Тоқтар Серіков басы бос әнші қыздарға ерекше бата берді

"Күйеуге шығып кетіңдер": Тоқтар Серіков басы бос әнші қыздарға ерекше бата берді

Желіде Тоқтар Серіковтің өнердегі басы бос қыздарға берген батасы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Әншінің бата беріп жатқан видеосы Instagram-дағы qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда әншінің Әйгерім Қалаубаева, Әйгерім Мамырова мен Ayree-ге бата беріп жатқанын көруге болады. 

"Армандарыңа жетіңдер, биік-биік белестерден өтіңдер. Бар батамыз осы, байға тиіп кетіңдер", - деп әзілдеді әнші. 

Желі қолданушылары да Тоқтар Серіковтің батасына қосылып, басы бос әнші қыздарға өнер саласында көп жүріп алмай, өз уақытында отау құру керектігін айтты. 

Г. Досымшалова