Қуат Хамитов жекпе-жекке шақырған ресейліктерге талабын қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қуат Хамитов жекпе-жекке шақырған ресейліктерге талабын қойды

Қуат Хамитов (21-8) жекпе-жекке ұсыныс алғаннан кейін оны өткізетін жерді таңдады, - деп хабаралйды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Мұның алдында Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев 34 жастағы қазақстандыққа 32 жастағы ресейлік Алексей Махномен (25-8) айқасқа шығуды ұсынған.

"@fightnights пен @kamilgadzhiev, менің шаршы алаңға оралуым Қазақстанда, отанымда болғанын қалаймын! Бұл менің мотивациямды арттырады", - деп жазыпты Хамитов.

Мұның алдында Гаджиев Хамитов - Махно жекпе-жегін өткізуге болатын бірнеше орынды атаған еді.