Бразилиялық футболшылар Мессиді үздік деп таңдады

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
Бразилиялық футболшылар Мессиді үздік деп таңдады

Оңтүстік Американың UOL Esporte басылымы ұйымдастырған сауалнамада бразилиялық футболшылар әлемнің үздік ойыншысы деп Мессиді таңдапты.

Дауыс беруге тек Бразилия біріншілігінде ойнайтын футбошылар қатысқан. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, дауыс беруге қатысқан 100 футболшының 90 пайызы аргентиналық шабуылшыны үздік санаған екен.

БӨЛІСУ

Екінші орында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду. Оған 7 пайыз ғана дауыс жиналған. Үшінші орын 1 пайыз көрсеткішпен Хави, Андрес Иньеста және Неймарға бұйырған.

Сондай-ақ UOL Esporte басылымы үздік жас ойыншыны да таңдаған. Ол бразилиялық жас талант – Неймар.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, дауыс беруге Бразилия біріншілігінде өнер көрсететін 15 команданың ойыншылары қатысқан екен.

Айта кетейік, ертеректе Месси World Soccer нұсқасы бойынша да әлемнің үздік ойыншысы атанған болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: soccer.ru