Жапон жұрты Головкиндерді туған күнімен құттықтады

Жапон жұрты Головкиндерді туған күнімен құттықтады
Фото: @Reuters

Орта салмақта IBF және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен егізі Максим Головкин 40 жасқа толды. Жапон жұрты Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтетін жекпе-жегі алдында жерлестерімізді арнайы құттықтады.

Қазақстандық боксшы жергілікті жұрттың құттықтауына "Arigato ありがとう Thank you! Рахмет! Спасибо!" деп әлеуметтік желіде өз разылығын білдірді.

@massaget.kz Головкинді туған күнімен жапондар құттықтаған сәт #головкин#ggg#japan ♬ Intro - The xx

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасында өтетін бокс кеші ертең сағат 15:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport арналары хабар таратады.

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екеуі де орта салмақтағы шекті нәтижеден (160 фунт, 72,5 кг) асқан жоқ.

Н. Үсенова