Олимпиада ойындарында алғаш рет ел атауы қазақша қолданылады

Олимпиада ойындарында алғаш рет ел атауы қазақша қолданылады
Фото: olympic.kz

Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша  "QAZAQSTAN" деген атаумен шығады, – деп хабарлайды Olympic.kz.

Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

Қазақстан ҰОК ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.

"Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез – келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының "QAZAQSTAN" деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды рөл ойнайтын. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар - Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға - өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз", - деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңартылған формада аттанады. Көп ұзамай барша қазақстандық жаңа формамен таныс болады. 

Н. Үсенова