Чемпиондар лигасының жеребесі қайта тартылды

Чемпиондар лигасының жеребесі қайта тартылды
Фото: acefootball.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі қайта тартылды. 

Бірінші жеребе кезінде техникалық ақау кетіп, бірнеше команда УЕФА-ға шағым түсірді. Нәтижесінде қайта тартылатын болған еді. Нәтижесінде қайта өтіп, қарсылас командалары анықталды.

Бірінші жеребе кезінде "Манчестер Юнайтед" пен ПСЖ бір-біріне қарсылас атанған еді. Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнайды деп жанкүйерлер күткен. Екінші жеребеде "Манчестер Юнайтед" "Атлетико Мадридпен", Месси ойнайтын ПСЖ Мадридтің "Реалына" қарсылас атанды. 

Жеребе нәтижесі:

ПСЖ (Франция) – "Реал Мадрид" (Испания)

"Бенфика" (Португалия) - "Аякс" (Нидерланд)

"Челси" (Англия) - "Лилль" (Франция)

"Атлетико" (Испания) – "Бавария" (Германия)

"Зальцбург" (Австрия) – "Бавария" (Германия)

"Вильярреал" (Испания) – "Ювентус" (Италия)

"Спортинг" (Португалия) – "Манчестер Сити" (Англия)

"Интер" (Италия) – "Ливерпуль" (Англия)

Командалар арасындағы бірінші ойындар 15-16 және 22-23 ақпан аралығында өтеді. Қарымта ойындар 8-9 және 15-16 наурызға жоспарланған.

Н. Үсенова