Ангелина Лукас кәсіпқой бокста бақ сынайды

Ангелина Лукас кәсіпқой бокста бақ сынайды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде бақ сынайды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Ұлттық құрама сапында болған дау-дамайдан кейін (Ангелина мен Назым Қызайбай арасында) Ангелина Лукас кәсіпқой боксқа бет бұрғандай. Ол жеңілірек салмақта (51 килоға дейінгі) 4 раундтық жекпе-жек өткізеді. Ал қарсыласы жақын арада белгілі болады.

Қазіргі таңда боксшы қыздың instagram парақшасына 555 мың адам жазылған. Отандық боксшы қыздар арасындағы танымалы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығады. Ол жартылай орта салмақта IBO чемпиондық белбеуіне таласады. Сондай-ақ Иван Дычко, Дәурен Елеусінов, Жанқош Тұраров сынды боксшыларымыз да бақ сынайды. Одан өзге алғаш рет 55,3 кило салмақта отандастарымыз Ержан Залилов пен Искандер Харсан Қазақстан чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады.

Н. Үсенова