Данияр Елеусінов чемпиондық атақ үшін өтетін жекпе-жегі жайлы хабарлады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Данияр Елеусінов чемпиондық атақ үшін өтетін жекпе-жегі жайлы хабарлады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтанда чемпиондық атақ үшін өтетін жекпе-жегі жайлы хабарлады. Спортшы бұл туралы instagram желісіндегі парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

«18 желтоқсан. Нұр-Сұлтанда бокс кеші. Тәуелсіздік күні. Жартылай орта салмақта IBO және IBF чемпиондық атағы үшін басты жекпе-жекте бақ сынаймын. Кеш қалмаңыздар, - деп жазды боксшы.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы жақын күндері белгілі болады. Ал кеше ғана ағасы Дәурен Елеусіновтің кіммен жұдырықтасатыны белгілі болған.