Бес боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Бес боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық 5 боксшы жолдама алды. Ширек финалда 5 боксшымыз қарсыласына жол беріп алды.

БӨЛІСУ

Ширек финалда соңғы болып қазақ боксшылары арасынан Нұрбек Оралбай шаршы алаңға көтерілді. Отандасымыз Сербия елінің атынан шыққан Владимир Мирончиковқа төрешілер шешімі бойынша есе жіберді. Бірінші раундта бес төреші де қазақстандық спортшыға басымдық берген. Алайда кейінгі раундтарды қарсыласының пайдасына шешіп, 5:0 есебімен шаршы алаң иесі жартылай финалға өтті.

Ширек финалға 10 бірдей қазақ боксшысы шыққан. Оның тең жартысы жарысты осы кезеңде аяқтады. Кей боксшыларымыздың жеңілісі күмәнді де болды. Еліміздің бокс федерациясы мамандары Санатәлі Төлтаевтың жеңілісіне шағым түсірмек. Нұрқанат Райыс та италиялық боксшыға қарсы жекпе-жекте есе жібере қоймағандай көрінген.

Сонымен қазақ боксшылары арасынан Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов және Серік Теміржанов жартылай финалда бақ сынайды. Бұл кезеңдегі жекпе-жектер бір күндік демалыстан кейін басталады.