Серік Теміржанов ресейлік боксшыны жеңіп әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты

Серік Теміржанов ресейлік боксшыны жеңіп әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының ширек финалында ресейлік Эдуард Савинді жеңіп, жүлделі орынға ілікті.

57 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз жарқын кездесу өткізді. Қарсыласын үш раундта да басымдықпен ұтып шықты. Төрешілер 5:0 есебімен Серіктің жеңіске жеткені жайлы қорытынды шығарды.

Серік Теміржанов жартылай финалға шыққан бесінші отандасымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов 1/2 финалға шыққан еді.

Н. Үсенова