ӘЧ-2021. Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
ӘЧ-2021. Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты
Фото ©️ olympic.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда колумбиялық боксшы Юберхен Мартинестен басым болды.

БӨЛІСУ

51 килоға дейінгі салмақтағы екі боксшының жекпе-жегі шайқасқа толы болды. Бірінші раундта бес төреші де өз ұпайын Сәкенге берді. Екінші раундта отандасымыз ескерту алып, ұпайдан шашау шығарды. Үшінші раундта сақ қимылдап, сәтті жұдырықтасты. Осылайша Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерін жарыс жолынан шығарды.

Айта кетейік, осыған дейін Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алған еді. Алда тағы 4 боксшымыз ширек финалда жұдырықтасады.