ӘЧ-2021. Капитан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
ӘЧ-2021. Капитан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты
Фото ©️ kfb.kz

Белградқа бокстан ұлттық құрама капитаны болып барған Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсугты жеңді.

БӨЛІСУ

67 килоға дейінгі салмақта Абылайхан өз стилінде жұдырықтасты. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ қимылдады. Оңтайлы сәтте жұдырығын қарсыласына дөп тигізіп, ұпайын асырды. Нәтижесінде 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алған үшінші отандасымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан 1/2 финалға өткен еді.