ӘЧ-2021. Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

ӘЧ-2021. Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: AIBA

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында 71 килоға дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты. Отандасымыз 1/8 финалда Германиядан барған Магомед Шахидовты жеңді.

Асланбек жекпе-жекті үшінші раундта ерте аяқтап, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ширек финалда қазақстандық боксшы украиналық Юрий Закхариевпен жұдырықтасады.

Осыған дейін қазақ боксшылары арасынан Саматәлі Төлтаев (60 кило), Махмұд Сабырхан (54 кило) мен Теміртас Жүсіпов (48 кило) шыққан.

Қазақ боксшылары арасынан Нұрлан Сапарбай (+92 кило) мен Бек Нұрмағанбет (86 кило) жарысты ерте аяқтады.

Бокстан әлем чемпионаты 6 қарашаға дейін созылады. Жарыстың жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.

Н. Үсенова