ӘЧ-2021. Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық боксшыдан басым шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
ӘЧ-2021. Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық боксшыдан басым шықты
Фото ©️ AIBA

Белградқа бокстан ұлттық құрама капитаны болып барған Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Отандасымыз венесуэлалық боксшы Кристиан Паласиоға мықтылығын мойындатты.

БӨЛІСУ

67 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Абылайхан айқын басымдықпен жеңіске жетті. Төрешілер бір ауыздан жеңісті отандасымызға берді. Нәтижесінде 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, осыған дейін Серік Теміржанов (57 кило) екінші жеңісіне қол жеткізген еді. Ал Бек Нұрмағанбет (86 кило) пен Нұрлан Сапарбай (+92 кило) жарысты аяқтап үлгерді.

Нұрқанат Райыс (75 кило), Сәкен Бибосынов (51 кило) және Асланбек Шымбергенов (71 кило) бірінші жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.