ӘЧ-2021. Қазақ боксшыларының жеңісті жолын Нұрқанат Райыс жалғады

ӘЧ-2021. Қазақ боксшыларының жеңісті жолын Нұрқанат Райыс жалғады
Фото: vesti.kz

Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні отандастарымыз үшін сәтті өтті. Сәкен Бибосыновтан кейін жеңісті жолды Нұрқанат Райыс жалғады.

75 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат Райыс алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Ол черногориялық Стефан Савковичпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі кездесуінде молдован боксшысы Влад Гаврилычпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының бірінші күні Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов алғашқы қарсыластарын жеңген.

Бокстан әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр. 

Н. Үсенова