ӘЧ-2021. Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовты жеңді (видео)

ӘЧ-2021. Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовты жеңді (видео)
Фото: Reuters

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовты жарыс жолынан шығарды.

51 килоға дейінгі салмақта екі боксшы да жүлдеден басты үміткерлер қатарында болатын. Хасанбой Рио Олимпиадасының чемпионы болса, Сәкен Токиода қола медаль еншілеген. Жеребе екеуін бірінші жекпе-жекте-ақ жолықтырды.

Шаршы алаңдағы шайқасқа толы жекпе-жекте қазақ боксшысы ұпай айырмасымен жеңіске жетті. Келесі кезеңде Сәкен үнді боксшысы Дипакпен жұдырықтасады. Жекпе-жек 1 қараша күні өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын.

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.

 

Н. Үсенова