Euro-2022. Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Euro-2022. Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Фото: kff.kz

Футзалдан 2022 жылы өтетін Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Нидерландтың Зейс қаласында өткен шарада Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары белгілі болды.

Биыл Еуропа чемпионатына 16 құрама қатысады. Құрамалар UEFA рейтингіне сәйкес төрт қоржынға топтастырылды. Қазақстан құрамасы жақында ғана әлем чемпионы атанған Португалиямен бір қатарда болды.

Жеребе қорытындысы бойынша Пауло Рикардо Кака шәкірттері "В" тобына түсті. Топтағы қарсыластар – Италия, Словения және Финляндия.

Ойындар кестесі:

20 қаңтар 2022 жыл. Гронинген
Қазақстан — Словения

24 қаңтар 2022 жыл. Гронинген
Финляндия — Қазақстан

28 қаңтар 2022 жыл. Амстердам
Қазақстан — Италия.

Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтары күні басталады. Топтағы үздік екі құрама ширек финалға жолдама алады. Ал финал 6 ақпан күні Амстердамда өтеді.

Н. Үсенова