Әлем чемпионатына баратын қазақ боксшылары белгілі болды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Әлем чемпионатына баратын қазақ боксшылары белгілі болды
Фото ©️ ©Reuters

Қазақ боксшылары 24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысады. Кіл мықтыда кім мықтыны анықтайтын бәсекеде бақ сынайтын спортшылар тізімі жарияланды.

БӨЛІСУ

Екі оқу-жаттығу жиынынан кейін бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатына баратын боксшылар құрамын жасақтады. Олар:

48 кило - Теміртас Жүсіпов
51 кило - Сәкен Бибосынов
54 кило - Махмуд Сабырхан 
57 кило - Серік Теміржанов 
60 кило - Саматәлі Төлтаев 
63,5 кило - Санатәлі Төлтаев 
67 кило - Абылайхан Жүсіпов
71 кило - Асланбек Шымбергенов 
75 кило - Нұрканат Райыс 
80 кило - Нұрбек Оралбай 
86 кило - Бек Нұрмағанбет 
92 кило - Айбек Оралбай 
+92 кило - Нұрлан Сапарбай 

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.

"Qazsport" телеарнасы әлем біріншілігінің барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді.