Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі алғашқы титулын иеленді

Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі алғашқы титулын иеленді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жартылай салмақтағы WBA Fedecaribe титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз өзінің сегізінші кездесуін эквадорлық Умберто Толедомен өткізген еді. Доминикан Республикасында өткен жекпе-жек барысында Қанат қарсыласын 34-секундта-ақ нокаутқа жіберді. Соққының күшті болғаны соншалықты, Толедо есінен танып, біраз уақыт өзіне келе алмаған. 

Нәтижесінде қазақстандық боксшы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, кәсіпқой рингтегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: megapolis.kz

Б. Қосмағамбет