Қазақстан құрамасы Финляндияға қарсы екінші ойында да ұтылды

Қазақстан құрамасы Финляндияға қарсы екінші ойында да ұтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Финляндияға есе жіберді. Нұр-Сұлтанда өткен ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Топтағы бірінші ойында да финдер жеңіске жеткен еді. Ол кезде 1:0 есебі тіркелген. «Астана Аренада» 2:0 есебімен ұтты. Ойындағы екі голды да шабуылшы Теему Пукки соқты.

Қазақстан құрамасы D тобында – соңғы орында. 7 ойыннан 3 ұпай жинаған. Әзірге жеңіске жеткен жоқ.

Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі ойынын 14 қараша күні Францияға қарсы өткізеді.

Н. Үсенова