Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинаға есе жіберді

Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинаға есе жіберді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина құрамасына есе жіберді. Нұр-Сұлтанда өткен ойында қонақтар 3 ұпай еншілеп қайтты.

«Астана Аренадағы» ойында 0:2 есебі тіркелді. Екі голды Смаил Превляк соқты. Алдымен 25 минутта баспен гол соқса, 66 минутта екінші рет Стас Покатилов қорғаған қақпаның торын тулатты.

Қазақстан құрамасы D тобында – соңғы орында. 6 ойыннан 3 ұпай жинаған. Әзірге жеңіске жеткен жоқ.

Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі ойынын 12 қазан күні Финляндияға қарсы өткізеді.

Н. Үсенова