Хави, Пуйоль және Месси «Барселонамен» шартнамасын ұзартты

Хави, Пуйоль және Месси «Барселонамен» шартнамасын ұзартты

Каталондық «Барселона» командасы ресми түрде команданың белді ойыншылары Хави, Карлес Пуйоль және Лионель Мессимен келісім-шарттарын ұзартқанын мәлімдеді.

Бұл үш ойыншының келісім-шартын ұзарту туралы келіссөздер маусым басталғаннан бері айтылып та, жазылып та келген. Енді міне, бұл оқиғаға да нүкте қойылды.

Команданың жартылай қорғаушысы Хавидің қазіргі «Барселонамен» шартнамасы 2014 жылы аяқталатын еді. Бірақ, команда жетекшілері ойыншымен уақытынан бұрын жаңа келісім-шартқа келісті. Енді Хави каталондық команданың сапында 2016 жылға дейін ойнайтын болады.

Ал аргентиналық рекордсмен Мессидің ескі келісімі 2016 жылы ғана бітетін. Енді жаңа келісім бойынша Лео «Барсада» 2018 жылға дейін қалатын болды.

Ертеректе команда жетекшілері аргентиналық шабулшымен өмірлік келісім-шартқа отырғысы келген. Дегенмен мұндай шартнамаға ФИФА-ның заңдары рұқсат бермеді.

Ал команда капитаны Пуйоль ескі шартнамасына тағы 2 жыл қосты. Карлес енді 2016 жылға дейін команданың капитаны болмақ. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН